Хо’опонопоно по-казахски!

 

 

Удивительная встреча с красивой и необычной женщиной Орынжан Мусаевой побудила меня разместить ее воспоминания и практику применения Хо’опонопоно. Время идет, мы так и продолжаем искать профессионального переводчика материалов по Хо’опонопоно на казахский язык, а большая аудитория сама пробивает себе дорогу.

Вот почитайте:

Бұл кітапты жазу себебі қалай басталды жəне не себеп болды?
Жазылатын кітап, мақала ат басын бұрған кезі келген бойтұмар кітап есепті десем,
қателеспейтін шығармын.
Себебі, бұл кітап менің ардақты асыл маған ең қымбат жан Əжем — емші сынықшы
ақылшы адамның өмірлік кеңесі көркем ақыл ойларымен менің есімде қалған естеліктерді еске түсіру жүйесінде топтастырылды. Ал жазу себебім өзімнің оқырманыма (неге жалғыз адамға арнап жазып жатқандай Оқырман деп жаздым, себебі барлығына жағамын деп өз оқиғама қайғылы үкім шығаруым əбден мүмкін, сондықтан алдын ала кешірім сұрай отыра, жалғыз адамға арнадым) ең болмаса бір түйіндей Əжемнің өмірлік ақыл кеңесі, емшілік тəжірибелері даналық сөздері шөлдеген жанға бір жұтым су сияқты қатты қиналған шаршаған шағында демеу болар деген үміт түрткі болды. Ойлау-найзағай секілді, адам санасында пісіп жетілген ойлар, жадыдағы сезімдер мен əсерлер маған тыныштық бермеді. Əжемнен алған ақыл кеңестерді, əрбір ана өз балаларын, отбасын қорғауға, көмектесуге қажет болар деген үмітпен бөлісуге бел будым. Кітапқа барымша өмір
ақиқатын, жақсылық пен жамандық, өкінішпен қайғы, мекен
жай, тіпті ауа райында оқырманыма əсер қалдыратындай осының бəрін жеткізуге тырыстым. Ал енді, Қадірлі оқырман, менің Əжемнің өмірлік ақыл кеңестеріне құлақ бұр.


Иə, əркімдеде бар əже. Бірақ мен осы жасқа келгенше қанша өз басымнан жақсыны да, жаманды да өткіздім, қиналған шағымда өз өзімді тану, өз өзімді дамыту
(самопознания, саморазвития) үшін шетелдік авторлардың кітаптарын алып, сол кітаптардан қолдау, демеу көрдім. Осы кітаптарды оқи келе əрбір кеңестері, əрбір  мысалға келтірген оқиғалары əрдайым менің əжемді, əжемнің ақыл кеңестерін, ырымдарын еске түсірді. Əжем ескі дəстүрлер мен мəдениетте тəрбиеленген адам. арабша оқып, жаза алатын, біздің əріптерімізді кириллица оқи жаза алмайтын, бірақ бұл сауатсыз екендігін білдірмейді. Аңыздар мен ертегілерді жатқа білетін, ал шын мəнісінде ол өзіне танымал басқа өлшемдегі өмір туралы əңгімелейтін. (По сути она рассказывала про жизнь в других измерениях, которая была ей знакома). Ол әелдер Инь энергиясын — түнгі айдың энерргиясын жақсы сезген жəне оны күнделікті өмірге, өзінің емдеу тэжірибилеріне қолданған. Оны осы қазір жаңа ғасырымыздың ақпараттарымен танысқанымнан кейін түсініп отырмын.
Əжем мені туғаннан бастап өз бауырына басып тəрбиеледі.Есім білгеннен бастап құлағыма ақыл кеңестерін айтудан шаршамайтын. Мен 16 жасқа келіп, мектеп бітірген жылы əжем дүниеден қайтты. Арты жақсы болғыр, Асыл Əжем!!!
Ал шетел авторларының кітаптары менің қолыма 25 жылдан кейін тиді. Сонда шетел авторлары кітап ретінде жазған өз өзімді тану, өз өзімді дамыту кеңестері туралы менің қарапайым, қазіргі əріпті танымайтын əжем қайдан білген. Қазіргі заманғы трендке айналған, əркімге əуəсқой болып, шетел авторларының кітабын алып өз өздерін дамытып, танып жатқан методикалары бұрынғы əже аналарымыздың ақыл кеңестерінен əлде қайда артық болғаны ғой. Əрбір қазақ əже ана ұрпақтан ұрпаққа осы дарынды, асыл ақыл кеңестерді, ырымдарды осы кезге дейін алып келді. Бірақ мен өз өзін тану, дамыту жүйесінде кітап салатын дүкендерден өзіміздің азақ əжелеріміздың ақыл кеңесі туралы кітабын көрген емеспін. Сонда қалай, шетел авторларының, сол авторлардың бағытымен басқа халықтардың жазған кітаптары  замануи қазағыма пайда болады да, ал өзіміздің ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан əжелеріміздің кеңесі көзге ілінбейді…..
Біздің қазақ əжелеріміз əлде қайда ақылды болған. Мысалы, менің əжем əрдайым мені материалдық байлыққа емес, рухани байлыққа баулады. “Рухани айлықсыз материалдық байлыққа жету мүмкін емес“ дейтін. Сол сөздер қазіргі замануи тренд кітаптарында бар. Əжем: “заман өзгереді, патша өзгереді, əрбір патшаның уақытында өз ақшасы, өз алтыны болады, сондықтан ақша, алтын жинама, білім, рухани байлық жина, ешқандай жаңа патша бұл байлықтарды өзгерте алмайды. Рухани білімің жоғары болса, ешқашан ешкімнен кем болмайсың, аш болмайсың” дейтін. Ал сол рухани білімнің ішінде қазіргі замануи терминдерімен айтқанда медитация, методика, визуализация, тренингтер толып жатқан емес пе? Астарын түсінетін болсақ, біздің əжелеріміз қазіргі трендке айналған
ақша тарту, бақыт тарту, береке тарту методикаларын, құпияларын əлде қайда терең жəне тиімді біліп, күнделікті қолданып, өз ұрпақтарын осыларға жүгене отырып тəрбиелеген. 
Мысалы, медитация — ойлағаныңа жету үшін, арманың орындалу үшін, көзді жұмып, сол арманыңа жеткен кезді елестету, сол кезде ойлаған, армандаған ойың  орындалады дейді замануи кітаптарда. Көпшіліктер жаппай осы медитациямен айналысады. Ал менің əжем, мен мектеп оқушысы кезімде, сабаққа дайындалып, кешке  жатар алдында, ертең сол сабаққа қалай жауап беремін деп, уайымдаған шағымда “тезірек ұйықта, түсінде ертеңгі сабаққа жауап беріп,күнделігіңе апайың бес ойып жатқан кезін көр, қорықпа, ертең тура сол түсіңдегідей болады” дейтін. Əрине, көзіңді жұмып, тез арада ұыйқтай алмайсың, сондықтан, ұйықтағанда көретін  түсіңді өз ойыңмен жасайсың, күнделігіңе бес қойып жатқан кезді көріп, қуанышпен тəтті ұйқыға кетесің. Ертеңіне əжем айтқандай, күнделікті кезектегі бес əп əдемі  болып күнделігіңе түседі. Сонда бұл — медитация емей немене сонда? Əрине əжем ешқандай кітап оқымаған, медитация дегенді білмейді, бірақ сол ойлаған уаыймды оң нəтиже ретінде алдын ала түс көру немесе елестету керек екенін қайдан білген? Осы елестету, арманың орындалу, аңсаған нəрсең сенде қазіргі өзінде бар екенін сезіну менің өмірімде көп көмектесті, шынын айтқанда, ойлаған нəрселерім жүйеге асты.

1998 жыл мен жұмыс бабымен БТА банктің бас басқармасына бардым. Кездесетін адамым орнында жоқ болған соң, мен кеңсе ауласында күтіп тұрдым. Аулада,
кеңсеге кіреберіс есігінің жанында ақ түсті үлкен автокөлік тұрды. Маған өте əдемі, керемет көлік ретінде көрінді. Бір кезде көлік от алды, сол көліктің мотор дауысына мен сол секундта ақ ғашық болдым. Аяғым көліктің жанына қалай жеткенін білмеймін. Көлік жүргізушісі орыс ер кісі екен. Əжем маған жас кезімнен бастап, егер бір  адамға бір нəрсе сұрау үшін өтініш білдіргің келсе, алдымен бірінші атын сұра, жасы үлкен болса тегін сұра, адамның аты өз иесінің құлағына жағымды естіліп, сен сол  адамға бір шама жақын сияқты боласың, сонда ол адам сенің өтінішіңді жерге тастамайды, жауабыңа күлімсіреп жауап береді дейтін.

Ал негізін дəлелдейтін болсақ, — Дейл Карнеги бұлда шетел авторы, өзінің кітабында тура осындай ақыл береді. Сонда менің əжем Дейл Карнегидің ақыл кеңесін қайдан біледі? Естеріңізге салсам, 1998 жылдары ондай кітаптар немесе тренингтер мүлде болмаған.

Сонымен, əжемнің ақылы есіме түсіп көлік жүргізушінің атын сұрадым. Есімі Сергей екен. “Сергей, мына көлік не қылған көлік, қай жақтың көлігі?” дедім. Ол кезде менде көлік те, көлік жүргізетін куəлік те жоқ, тіпті көлік жүргіземін деген ойымда жоқ. Сергей маған көлік Жапония көлігі екенін, немістер құрастырғанын, оның қаншалықты қуатының күштілігін, жылдамдығының зор екенін айтты. Мен таң қалудамын…
Мотор дыбысы маған керемет естілді, тіпті бір ғажап əдемі əуен ретінде сезім берді. Менің жан дүниеме ұнағаны соншалық, көліктің ішін көргім келді. Өтініш сұрадым Сергейден, ол рұқсат етті, көліктің есігін ашып көріп едім, былғары терінің иісі, керемет əдемілігі мені одан сайын қайран қалдырды. Шыдамай, Сергейден тағы бір өтініш сұрадым. Жан дүнием сол көліктің ішіне отырығысы келіп тұр.

Білмеймін, қандай сезім, күш себеп болды, əйтеуір сол көлікке тез арада отыруым керек. Сергей маған таң қалып, неге екенін білмеймін, əйтеуір рұқсат етті. Жүргізуші жанындағы жолаушы орнына отырдым. Міне керемет, не деген биік, не деген ыңғайлы, жұмсақ орындық. Көліктің былғары иісі мұрнымда, менің жан дүниемнің қуанышында шек жоқ. Көлік Ландкрузер 100 еді. Сергейге рахметімді айтып, келген шаруамды ұмытып кетер күйде, ауланың бір шет жерінде барып тұрдым. Өзімді құтты сол көлікпен көп жерді шарлап келгендей сезіндім.
Қазіргі замануи адамдардың медитация деп əуəс болып жатқан методикасын, қадірлі оқырман, менің əжем қайдан білген? Сол əжемнің елестетіп түс көр деген ақылы бойынша, сол күнгі түннен бастап, мен жатар алдында сол көліктің иесі ретінде жүргіздім. Мен ол кезде Абай даңғылымен Сайын көшесінің қиылысындағы Жетісу ықшам ауданында тұратынмын. Абай даңғылымен сол көлікпен қала ішіне қарай тіке жүре бердім.

Елес. Сол елеспен қалай ұыйқтап кеткенімді білмеймін, келесі күні тағыда ұыйқтар алдында қай жерге келгенімді елестетіп ары қарай тағы елеспен армандаған ғашық болған көлігіме отырып қала ішімен саяхаттадым. Осылай мен бес жыл бойы, күнделікті ұйықтапр алдында елеспен көлік жүргіздім. менің айтайын дегенім шетел авторларының ойлар шындыққа айналады, визуализация дегендерін мен ол кезде олардың кітаптарын оқымасам, ешқандай тренингке бармасам, қалай жүзеге асырдым.

Ең қызығы, 3 жыл өткен соң менің өз көлігім пайда болды, ал 5 жыл өткен соң, сол армандаған ғашық Ландкрузер 100 су жаңа авто көлігі пайда болды.

Тағы бір қызығы, бірінші көлігім пайда болғанда, менің куəлігім бар, бірақ көлік жүргізе алмайтынмын. Ешқандай жүргізу дəріс алған жоқ болатынмын. Таныс жігітке өтініш жасап, сол алған көлігіммен 2 аптадай мені жүргізіп үйретсін дедім. Екі түн кешкі сағат 08 ден түнгі сағат 2-3 ке дейін қала ішімен жүргізіп үйретті. Сонда таныс жігіт:”сен бұрын көлік жүргізген сияқтысың ғой, мүмкін емес бірден осылай жүргізуің” деп, таң қалды. Көлік жүргізіп үйренуге маған тек 2 түн уақыт жетті. Ал үшінші күні мен өз көлігіме отырып қалаға шығып кеттім. Бұл жерде мен көлігім туралы немесе жүргізу қабілетімді мақтанып айтып отырғаным жоқ, — мен замануи адамдардың аты шулы медитация методы емес, кішкентай кезімнен əжем үйреткен “методын” қолданғанымды, ешқашан көлік құлағын ұстап көрмеген мен сол елестің, елеспен қалаға сапар шеккен саяхатымның арқасында керемет жүргізуші болғанымды айтқым келеді.
Бейсана — подсознания дейміз. Сол бейсанаға бəрі мүмкін. Демек, бейсана тұғырында жұмыс істесең, ойлаған ойың, қалаған мақсатың жүзеге асырылады. Менің əріп танымайтын əжем осы бейсана мүмкіндіктерін шетел авторларынан бұрын білген. Яғни, біздің қазақтың əже аналары дарынды, рухани жағынан жоғары дамыған
адамдар болған. Қазіргі кезеңде космоспен байланысымыз бар деп кейбір білгіштер біздердің басымызды қатырады. 

Ал біздің əжелеріміз космоспен де, табиғатпен де терең байланыста болған. Мысалы, менің əжем жаңа айдың туылуын күтіп, жаңа ай көрінгеде Айға сəлем беріп, жаңа келін ретінде құрмет көрсетіп:”қадамың құтты болсын, бақ береке əкел заманыма, халқыма, жаңа айдай халқым жаңарсын” деп жаңа айдан жақсылық сұрайтын. Күнге табынатын, желге, жауынға табынатын.

Жаздың күні күн суығанша əжем екеуіміз ауладағы тапшанда ұйықтайтынбыз. Ашық жұлдызды аспанға қарап, жұлдыз санап, əжем жұлдыз туралы аңыз айтып, галактика туралы мағлұматтар айтатын. Əжем осының бəрін қайдан білген?
          Табиғатпен, космоспен байланыс деген осы емес пе? Неге біз өз ата бабаларымыздан келе жатқан əжелеріміздің ақыл кеңесін, тəрбиесін елемей, шетел авторларының осы əжелеріміздің білетін тəжірибие ақыл кеңестерінің бір кішкентай бөлігін əдемілеп жазса, соған əуес болып, соны таңдаймыз, оның үстіне Америка ашқандай таң қаламыз?
Əжелеріміздің тəрбие ақыл кеңестері ешқандай методикаға жетпейтін асыл қазына емес пе? Егер шын көңіл бөліп, терең тұрғыда түсініп, осы ақыл кеңестерді əрі қарай өмірімізге пайдалансақ, өміріміз жақсару үстіне жақсарар еді. Əрбір отбасының берекесі көбейіп, ешқандай қиыншылық көрмейтін едік. Бұл əжемнің кішкентай ғана бейсана (подсознания) тұрғысындағы кеңесі. Ал емші ретінде қаншама əрбір отбасына қажетті кеңестері бар. Олардың бəрі менің есімде. Мен кітаптың басында айтқанымдай, қағаз жүзінде түсірген себебім оқырманға кішкене болсада пайдасы тисін деген ойым.
Осы 2018 жылдың қаңтар айында өз өзімді тану, дамыту бағытымен тағы бір методикаға тап болдым. Ол Гавай халқының Хо’опонопоно деген МЕН-МЕНМІН методикасы. Бұл методика немесе практика жарыққа шыққан уақыты өте бері керек, Қазақстанға жеткені 2009-2010 жылдары екен. Бұл методика адамның өміріндегі болып жатқан жақсы, жаман барлық оқиғалар — адамның бейсанадағы (подсознания) бұрынғы естеліктері, жоғарға шығу себептерінен пайда болады дейді. Сондықтан адам өмірінде жаман оқиға (проблемалар) болмас үшін сол бейсанадағы естеліктерді өзіңнің жан дүниеңе (душа) бағыштап “Ризамын саған, Рахмет саған, Мен сені жақсы көремін, Маған өкінішті, Мені кешір осылай болғанына” деп миллион рет ішіңнен, немесе сыбырлап қайталау керек, сол кезде сенің жан дүниең саған бұрылып, сенімен бірге болып, бейсанадағы (подсознания) естеліктерді тазартады. Гавайлық мастер Хью Лен И  бейсанадағы естеліктерді тазарту тек қана жоғарыда айтылған 4 сөйлеммен шектелмейді,  су арқылы тазартуға болады дейді. Көк түсті шыны құтысына -бутылка (қақпағы темір болмау керек) су құйып, оны күннің сəулесі анық түсетін жерге  10 минуттан бастап 1 сағат дейiн, немесе одан да көп тұрғызып, сол суды ішетін суыңызға тамызып, немесе басқа шай — тағамдарыңызға тамызып күніне 2 литр осы суды ішсеңіз, бейсана естеліктері тазартылады. Бұл су — “КӨК КҮН СУЫ” деп аталады. Хо’опонопоно суға өте көп көңіл бөледі. Барлық жағымсыз нәрселерді — ой, уайым, қайғы-қасірет, үрей т.б терістектерді (негатив) су тазартады дейді. Егер көңіл күйіңіз болмай, бір нəрсені уайымдап, қайғырып, ойыңыз тыныштық бермей, үрей бойыңызды жауласа, осы “көк күн” суын қайта қайта ішіп, тыныс алу жаттығуларын жасап, іштегі сəбиіңізге көңіл бөліп,сөйлессеңіз- уайымыңыз,жағымсыз ойыңыз,үрейіңіз жойылады. Санаңыз оянып, жан дүниеңіз сізге осы уаыймды шешетін бір жол бар екенін сездіреді. Біздің өмірімізде болып жатқан жайлар, оқиғалар біздің бұрынғы ойымыздан құралған. Демек, біздің ертеңгі болашағымыз — ол біздің кешегі ойымыз. Сондақтан жаман ой келсе, Алладан кешірім сұрап, іштегі сəбиіңізбен сөйлесіңіз.

Сол тазарту процесінен бастап, адамның өмірі жақсарады. Гавай методы бойынша адамның жан дүниесін кішкентай сəби ретінде қабылдап, сол сəбимен əрдайым арақатынаста болып, ол сəби жалғыз еместігін білдіріп, онымен əрқашан сөйлесіп, өз өміріңді өзіңнің іштегі сəбиіңмен, яғни жан дүниеңмен ана ретінде, осы өміріңде болып жатқан жайсыз жайлар (проблемалар) өзіңнің ойыңнан құралғандығын мойындап, қабылдап жэне 100% жауапкершілікке алып, түзету.

«Хо’опонопоно» — деген Гавай сөзінің аудармасы — қателікті түзету деген сөз. Адам бұл — үштік (триедин). Жер бетінде физикалық тұрғыда — денеде, ақылда жəне рухта өмір сүреміз. Гавай методы бойынша ішкі семья былай деп түсіндіріледі. Рух- ол əке — Аумакуа, Интелект — ол ана- Ухани, ал Дене- ол сəби Унихипили.

Біз қаншама жылдар бойы сол сəбиге мəн бермей өмір сүріп үйрендік, ал шын мəнісінде ол сəбиде Алламен байланыс түймесі (кнопка) сақталады. Әке, жоғарғы сана, ол Алла емес, ол тек Алланың бір бөлігі, яғни тек Аллаға жаратушымызға түсінікті адамның эмоциясынан пайда болатын жоғарғы деңгейдегі діріл энергиясы. Ішкі семьяда не болады, қалай болады?

Егер байланыс ережелері сақталса: анасы талдаған ақпаратты (информация) балаға береді, ал бала — ол əлем, жер туралы БАРЛЫҚ ақпаратты сақтайтын тек СЕРВЕР, жəне адамның жылу энергиясы, сондықтан ананың айтқандарының ішінен таңдап, талдап əкеге жібереді. Əке бұл ақпаратты қайта өңдеп, талдап өте  жоғарғы деңгейлі діріл энергиясы ретінде Аллаға жібереді, ал Алла оны адам өміріне енгізеді. 

Сондықтан адам мұңды қайғырған күйінде Аллаға жалбарынса, немесе күнделікті өмірде мұңды қайғыға байланысты оқиғалар басынан өтсе және осы
оқиғаны ұмыта алмай ойлай берсе, — ол өте төмен деңгейлі діріл энергиясын жібереді. Ал сол мұңды күйін көз жасымен білдірсе, бұл тіптен өте төмен деңгейлі діріл энергиясы шығарылады; бала осы дірілге сəйкес келетін ақпаратты (информация) яғни қайғылы оқиғалармен көз жасына байланысты оқиғаларды таңдайды. Бұл жерде Ана таңдауға қатыспайды, ал бала анам қайғы мен қасіретті таңдады деп есептейді. Себебі баланың ақыл ойы (интелект) жоқ. Ол тек ананың эмоциясы мен күйін сезеді.

Сондаықтан адам ұйқыдан оянғандағы бірінші ой өте маңызды, себебі ол күндізгі болатын оқиғаларды анықтайтын эмоциялық алғашқы күй. Намаз, медитация — адамның өзінің ішкі əлеміне қалтқысыз үңіліп, барлық рухани назарын жан дүниесіне бағыттап, ішкі рухани əлемді тазартып, қалыпты тепе-теңдікке келтіріп, жағымсыз, терістікті (негатив) бейтараптандырады (нейтрализуют).
Хо’опонопононың мантра сөздері- эмоциялық сезім жағдайын түзету жəне теңестіруге бағытталып, жағымсыз терістікті алып тастайды. Олар жаңа оқиғаларға арналған өтінішті қалыптастыру дегенді білдіреді, яғни Алла бізден сананың кеңеюін қалайды. Кеңею бұл — рухани даму, рухани жаңару, бір нəрсені ойға бекітіп, оны қайта қайта ойлау емес (зацикленность), не ойлау, ол да маңызды емес (ақша, жұмыс, семья, бала, тамақ). Аллаға кез келген тəжірибие (опыт) қажет жəне қымбат. Алланың бізге деген сүйіспеншілігі-бізге таңдау бергендігінде. Біз не қалаймыз өзіміз таңдаймыз. Ояу адам өз өмірін бақылай алады. Ал оянбаған адам адасып, жылаумен өмірін өткізеді. Сол адамның өмірдегі барлық жағдай алдын ала анықталады. Хо’опонопоно тағдыр алдын ала анықтау тікелей сол мезеттегі бағдарламалардың (программа) белсендігіне байланысты дейді. Олардың белсенділігі ойдан, ал ойды адам өзі қаласа, ойламауға болады. Осы — Алланың бізге деген сүйіспеншілігі-бізге таңдау беру.
Жоғарғы сана, бейсана жəне сана, осы үш сананы бірге қоссаң — не қаласаң, не сұрасаң жедел түрде орындалады. Жоғарғы сана — рух -Əке, бейсана — іштегі Сəби, сана — Ана, ол өзіңің ойларың.

Маған өте ұнады. «Кілт, Тарту құпиясы» атты əлемдік бестселлер авторы Джо Витале ежелгі Гавайлық құпия системасы өмірді жақсарту, өзіңді өзің емдеу, денсаулық, байлық, махаббат тарту жəне басқа тəжірибелер топтамасынан құрылып жазылған «Шектеусіз өмір» («Жизнь без ограничений» )атты кітабын сатып алып, осы системаны ашып, ең бірінші жарыққа шығарған Гавайлық əйел — Моррна Наламаку Симеонадан дəріс алып мастер болған гавайлық — Хью Лен , американдық — Мабел Катц, өзіміздің ресейлік тренер — Налани Баскатти жəне тағы басқа адамдар берген сұхбаттарын интернеттен көріп, тыңдап, қызуығуым соншалықты, алматыдағы осы Хо’опонопоно системасын тəжірибиелеуші Гүлден Кулманова есімді апаймен танысып, сол кісінің тəжірбиесін алдым.

Барлығын тыңдап келгенде, қадірлі оқырман, Гавай қайда, біздің отанымыз қайда, терең түсіне бастағанда тағыда өзіміздің қазағымыздың ырымы, ақыл
кеңесі, қайтадан əжем есіме оралды. əр бір қазақ, мұсылман тұмарды біледі. Тұмар үш бұрышты болады. Демек гавай халқының 3 сана дегені де сол үш бұрыш емес
пе? Енді əрі қарай, əжем кішкентай кезімнен түсіңде ойлаған ойыңды көр елестет деген емес пе, яғни ішкі Сəби, бейсана біздің əжелерімізге, атап айтқанда, менің əжеме түсінікті белгілі болғаны ғой. Рухани жоғары дамыған деген осы емес пе? Космоспен байланыс бар деген осы емес пе? Гавай халқы ішкі сəбиді Унихипили деп атайды. Сол Унихипилимен байланыс болса, сол Сəбиді ана ретінде (əйел адам ба, ер адам ба айырмашылығы жоқ) жақсы көріп, өмірдегі шын сəбиің сияқты бар ниетіңмен аналық қамқорлық көрсетіп еркелетіп, аялап, өзіңе қаратсаң, сол кезде ғана бейсанадағы жағымсыз естеліктерді жойып, өміріңді түзете аласың. Өте жақсы, өте тиімді тəжірибесі жоғары метод. 

Оқырман, мен кеңесімді беремін, алып оқып, өмірде қолдануға болады. Менің бұл жерде айтайын дегенім, əжемнің көптеген ақыл кеңесі осы методқа келеді. Өзіміздің қазағымыздың бұрынғы тəрбиесін еске түсірсек, аналарымыз қыз баланы жастайынан ер адамды сыйлау, ер адамның жүзіне тура қарамау, жас ана, жас келіндер өздерінің ерлерімен үлкендердің көзінше тікелей сөйлеспеу, еріне деген өтінішін кішкентай бала арқылы білдіріп, кішкентай бала арқылы сөйлесу керектігін
тəрбиелеген.

Ал гавайлық метод сана — Ана, бейсана — Сəби, ал рух — Əке — жоғарғы сана. Ана — Бала — Əке. Осы үш негізді бір бірімен байланыстырса, адамның өмірі үйлесімде болып, бақытты өмір сүреді. Ал егер бір бірімен байланыста болмаса, өмірде проблемада көп болады, адамның тыныштығы кетеді.

Біздің бұрынғы тəрбиеміз бойынша сана — Ана Əке — РУХпен тікелей сөйлеспей, бейсана — бала арқылы сөйлескен.

Гүлден апаймен сұхбаттасқанымда, Москвада мастер американдық Мабел Катцпен семинарда кездескенін, осы үш негіздің бір бірімен байланысу методын тыңдағанда, осы біздің бұрынғы тəрбиеміз — бала арқылы ананың ерімен сөйлесуі есіне түсіп, Мабел Катцқа “бізде қазақтарда ежелден жас ана, жас келін, өздерінің ерлерімен кішкентай бала арқылы сөйлесетінін айтқан. Сол кезде американдық Мабел Катц таң қалып:”ондай болса, қазақ халқы ең бақытты халық болғаны ғой, онда ежелден жан дүниелеріңде космостық тəртіпті сақтағанысыздар ғой” деген. Американдық мастер Мабел Катц біздің ата бабаларымыздың тəрбие мəнінде космоспен байланыста болғанын мойындаған. Тереңінен түсінгенде біздің қазақи тəрбиеміз өте жоғары болған. Ананың бала арқылы сөйлесуі ешқандай ұрыс жанжал қақтығыстың болмайтын кепілі. Себебі, баланың тілімен анасының өтініші Əке құлағына күнəсіз, тіпті қызық əрі жағымды естілетін. Сондықтан ананың өтініші бала
арқылы Əкесімен орындалатын.

Қазіргі кезде əрбірміз өмірімізді жақсартқымыз келсе, денсаулық, бақ береке өзімізге тартқымыз келсе, əлдеқашан ұмтылып кеткен бұрынғы əже аналарымыздың тəрбиесін əр отбасымызға енгізсек, бізден бақытты халық болмас еді. Мабел Катцтің айтқаны “өте бақытты халық болыңыздар ғой” дегені өте орын алатын еді.
Қазіргі замануи семьялардың құлағына қағыс болсын деп, мен өмірімнен тағы бір мысал келтіргім келеді. Мен бірде ауылды жерде тұратын кластасым Айшаның үйіне қонаққа барғанымда мынадай бір жағдайға күə болдым. Кластасым екеуіміз сөйлесіп отырғанбыз, 10 жасар ұлы бірдеңе сұрап анасының “қой болмайды” дегеніне қарамай, қонақтың көзінше еркелеп, мазасын ала берді. Сосын мен “əкеңе айтамын деп қорқытпайсың ба, болмаса əкесіне айтсаңшы” деп едім, “ойбай, менен қорықпаған, əкесінен қорқады дейсің бе” дегені, мен таң қалып, “сенің бұның не, сонда əкенің беделі ұлының алдында жер болғаны ма, оған қалай жол бергенсің, сенің тəрбиең дұрыс емес шығар, бала Əкеден сескеніп қорқу керек, əкені сыйлау керек, сен балаларының алдында əкелерінің беделін аспанға көтеруің керек. Ертең ұлың өседі, сен оны автоматты түрде əйелге бағынатын күйеу (подкаблучник) тəрбиелеп отырсың. Ұлыңның сен берген тəрбиең бойынша отбасын тек əйел адам билейді, тек əйел адамға бағыну керек деген. Ертең сосын өзің “анасы мені тыңдамайды, əйелінің сөзін сөйлейді” деп еңіреп жылайсың дедім. 

Егер бала жас кезінен бастап əкені сыйламаса, əкенің қадірін білмесе, Əкеден сескеніп, қаймықпаса, шеше бірінші орында болып, шешенікі дұрыс, тек шешеге бағыну керек деп сана сезімі үйренсе, ертең тек əйелге бағынатын еркек болып шығады.
Оқырман, қандай алтын қазына- əже аналарымыздың ақыл кеңесін тəрбиелерін ұмытып кеттік. Егер осы тəрбиелерді жоғалтпай əрбір отбасы үлгі тұтса, қандай бақытты ел, бақытты халық болар едік. Біздің əжелеріміз тəрбие мəнісінде атап өткендей рухани жоғары дамып, сана, бейсана, жоғарғы саналарды қолданған. Бұның барлығы ата бабаларымыздың, əжелеріміздің табиғатпен, космоспен байланыста болғандықтан табиғи жетілген рухани білім. Біздің əжелеріміз шетелдің ғалымдарынан да көп білетін болған.
Тағы бір шетел авторларының өз өзіңді тану, дамыту жүйесінде вибрация — діріл энергиясы туралы көп кеңестер береді. Ол əрине қазіргі кезде жаңа тиімді метод болып саналады. Шетелдіктер бұл энергияны зерттеп, осындай діріл энергияны өзің басқара алатын болсаң, жағымды жағымсыз діріл энергиясын ажырата алатын болсаң, өз болашағың өзіңнің қолыңда дейді. Осы діріл энергиясын кітапсыз, ешқандай зерттеусіз менің əжем күнделікті тəрбие ретінде біздерге қолданды.
Ол қалай дейсіз ғой?

Мен баламын, мектеп оқушысы сол 3-4 класс. Мектептен келе сала, мектепте не болғанын, кластастарыммен қалай ойнағанымды, кім ұнамай қалғанын тез арада асығып, біреуді жамандап əңгімемді бастаймын. Мен əжеме барлық сырымды жасырмай айтатынмын. Сол кезде біреуді жамандап бастасам, аузымнан ұрып :”сенің біреуді жамандауға еш қақың жоқ, біреу туралы жаман айтсаң,  соның жаманы жұғады, жақсы айтсаң, жақсысы жұғады” дейтін. Бері келе, жоғарғы класс оқушысы болған кезімде, əжем маған:” мен шайтан емеспін, ертең мен де о дүниелік боламын, жалғыз қаласың, мектеп бітіресің, ортаң өзгереді, есейесің, өмір ұрыссыз ренішсіз болмайды. Егер біреумен ұрыссаң, ренішті көңіліңе алма, ренжіткен адам туралы жаман айтпа, жағымсыз жайларды ешкіммен бөліспе, сол кезде сені ренжіткен адам саған тиісе алмайды, сен одан жоғары боласың, ал егер ол адам туралы жамандап əркімге айта беретін болсаң, ол адам сенімен өш болады, əрдайым қақтығыста болып, жұлдыздарың қарсы болады” дейтін.
Демек, бұл жерде діріл вибрациясы туралы əжем өте жақсы білген. Ал осының бəрін қайдан білген? Барлығын жақсыға жоры, жаманнан аулақ бол, жаман жағымсыз оқиғаға тап болсаң, елеме, ойыңа алма, ұрыс жанжалдан аулақ бол дейтін. Осы өсиеттің барлығы энергияның діріл тұрғыдан жақсы эмоциямен энергиялық діріл қабылдасаң, сол жақсы энергиямен жақсылық тартылады. Ал егер жаман діріл энергиясын қабылдасаң, жəне оны əрі қарай ойыңа сақтап, əрдайым ойлап, уайымдап, біреулермен бөлісіп, энергияны күшейтсең жаман нəрсеге тартылыс болады.
Қазіргі кезде суды зерттеп, су өзіне информация ақпарат қабылдайды, суға қарап жақсы айтсаң, ризашылығыңды білдірсең суға, судың ішіндегі молекулалар жақсы белгілер береді, жэне сол суды ішкенде бойыңа жақсы информация қабылдайсың сумен бірге, ал жаман сөздер айтсаң суға, су өзгеріп тұнарып, молекулалары жаман белгі береді, ондай суды ішуге болмайды, адам дертке шалынады дейді. Ал менің əжем маған кішкентай кезден бастап су ішкенде суға үңіліп жақсы ойла, алдымен “Бисмиллахи Рахмани рахим” деп судан жақсылық сұрап іш дейтін. Енді, қалай ойлайсыз,
судың таза информация қабылдай алатынын, ішкенде программа ретінде өзіңе установка қоюды қайдан білген?
Суға дем салу. Бұл да əжемнің табиғатпен, космоспен байланыста болғанын дəлелдейді.
Қазіргі аты шулы методикалар осыларды зерттеп, білгіштер
үлкен ақшаға тренинг өткізіп, бизнес жасап жатыр.

Отрывок из книги «Мақала».

2018 год . г. Алматы

Комментариев нет

Оставить комментарий